Артқа
Артқа

ШОБ 1-ші қазанға дейін МӘМС төлемінен босатылды

1 миллионға жуық қызметкер жарналар мен аударымдардан босатылды

Шағын және орта бизнестің субъектілері 2020 жылдың 1 қазанына дейін, ал ірі бизнестің кейбір субъектілері 2020 жылдың 1 шілдесіне дейін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру төлемдерінен босатылды. Мұндай шараларды мемлекет төтенше жағдай кезінде кәсіпкерлерге қолдау көрсету үшін қабылдады.

«Яғни, олар жұмыс беруші ретінде 2% мөлшерінде аударымдарды төлемейді, сондай-ақ өз қызметкерлерінің жалақысынан 1% жарналарды ұстамайды. Осылайша, 1 миллионға жуық азамат МӘМС ақы төлеуден босатылды - бұл осы салалардағы қызметкерлердің жалпы саны. Алайда, олардың барлығы қажетті медициналық көмекті толық көлемде алуы тиіс, олар үшің Қор төлейді», - деп Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында түсіндірді.

Салықтар мен әлеуметтік төлемдерге «нөлдік» мөлшерлемені қолданатын субъектілердің тізімі бекітілді. Бұл сауда, көлік және техникалық қызметтер, білім беру, медицина, туризм, мейрамхана және қонақ үй бизнесі, ойын-сауық, бағдарламалық қамтамасыз ету және фитнес субъектілері.

Қауылда көрсетілген санаттарға кірмеген бизнестің субъектілеріне МӘМС жарналар мен аударымдарды төлеу мерзімі 2020 жылдың 1 маусымына дейін шегерілді.

Жеке кәсіпкерлер де жеңілдік алды. Оларға 2020 жылдың 1 қазанына дейін өз қызметкерлері үшін аударымдарды төлеудің және жалақыларынан жарналарды ұстаудың қажеті жоқ. Алайда, өзі үшін төлеу керек – төлеу мерзімі 2020 жылдың 1 маусымына дейін ұзартылған.

«Заң жарналар мен аударымдардан бас тартуға мүмкіндік бермейді. Сондықтан 1 қазанға дейін бизнестің субъектілерінде төленбеген кезең бойынша қарыз пайда болады. Осыған байланысты «босатылған» кызметкерлерге қарызды есептемейтін заңды нормасын енгізу туралы   ұсыныстарға Қор бастамашылық болып отыр. Осы қиын кезеңде осылайша Қор азаматтарға қолдау көрсеткісі келеді. Қазір бұл өзгертулердің өңдеу жұмыстары жүргізілуде, оларды үкімет қарайды», - деді Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басқарушы директоры Азамат Өміртаев.

Сонымен қатар, Қор БЖТ төлеушілер санының өсуін атап өтті, өйткені оны төлеу өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін 42 500 теңге мөлшерінде әлеуметтік жәрдемақы алу шарты болып табылады.

«Табыссыз қалған және ресми түрде жұмыс істемейтін азаматтар қала тұрғындары үшін 2 651 теңге және ауыл тұрғындары үшін 1 325 теңге көлемінде бірыңғай жиынтық төлемді жасап, жәрдемақы алу үшін өтінім беріп, әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің мүшесі бола алады. БЖТ төлеушілердің саны 200 мыңнан 1,6 миллион азаматтарға дейін өсуі күтіледі», - деп ӘМСҚ қосты.

Айта кетейік, қазір Қазақстанда сақтандырылмағандардың саны шамамен 2,5 млн адам. Алайда, 2020 жылдың 1 шілдесіне дейін мүлдем барлық азаматтар шартты сақтандырылған болып саналады және медициналық көмекті толық көлемінде алуы тиіс.

23.04.2020
66% считают статью полезной Была ли эта статья для вас полезной ?
Сонымен қатар оқыңыз
ОБЩЕСТВЕННО-КОНСУЛЬТАТИВНЫЙ СОВЕТ ФСМС: ДОСТИЖЕНИЯ И ПЛАНЫ
ҚОРДЫҢ ҚОҒАМДЫҚ-КОНСУЛЬТАТИВТІК КЕҢЕСІ: ЖЕТІСТІКТЕР МЕН ЖОСПАРЛАР
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында Қоғамдық-консультативтік кеңестің ағымдағы құрамымен соңғы отырысы өтті. Шарада 2024 жылдың алдын ала жұмыс қорытындылары шығарылып,  Қордың ахуалдық-талдау орталығының қызметі таныстырылды. Сондай-ақ басқа да өзекті мәселелер талқыланды.
25.12.2024
СКОЛЬКО ПЛАТИТЬ НА ОСМС В 2025 ГОДУ
2025 ЖЫЛЫ МӘМС-КЕ ҚАНША ТӨЛЕЙМІЗ
Қазақстандағы ең төменгі жалақы мөлшері бұрынғы деңгейде қалатындықтан, МӘМС төлемдерінің көбісі өзгермейді.
24.12.2024
ЗАПУСК СУР: КОМУ ЭТО ВЫГОДНО И КАК БУДЕТ РАБОТАТЬ
ТӘУЕКЕЛДЕРДІ БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІ: БҰЛ КІМГЕ ТИІМДІ ЖӘНЕ ҚАЛАЙ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ?
Медициналық ұйымдарды тәуекел аймақтарына бөледі. Олардың үштен екісі «жасыл дәлізге» кіреді. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында бұның қандай нәтиже беретінін түсіндірді.
20.12.2024
Барлығын көру
Подать обращение МӘМС калькуляторы Іздеу